
Құрметті ата-аналар!
Арнайы сіздерге біздің балабақшамызда КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.
Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін педагогтармен, психологтармен және басқа да мамандармен жүйелі түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуына көмектесуге арналған.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың жан-жақты дамуын, олардың құрдастар мен ересектер тобында әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
- мектепте оқуға дайындық негізін қалыптастыру;
- ерекше қажеттіліктері бар балаларға оларды тәрбиелеу мен оқытуда жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, ата-аналарға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету;
- баланың бірлескен ойын әрекетінде құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруін қамтамасыз ету, мектепке дайындық негізін қалыптастыру;
- ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оқыту, мектеп жасына дейінгі балаларды қадағалау мен күтуді ұйымдастыру мәселелерінде көмек көрсету;
- кеңес беру орталығында өз қызметін жүзеге асыратын маман-педагогтардың біліктілігін арттыру.
Қабылдау кестесі
| № | Тегі, Аты, Әкесінің аты | Лауазымы | Қабылдау уақыты |
|---|---|---|---|
| 1 | Мухажанова Гулжахан Шахмурадовна | Меңгеруші | Дүйсенбі (16:00–17:00) |
| 2 | Оспанова Алия Аманжоловна | Дене шынықтыру нұсқаушысы | Сейсенбі (08:00–09:00) |
| 3 | Касымова Гулмира Елемесқызы | Хатшы | Сәрсенбі (14:00–15:00) |
| 4 | Ахметзакирова Лилия Назыровна | Тәрбиеші | Бейсенбі (17:00–18:00) |
| 5 | Тайшикова Гаухар Баяновна | Психолог | Жұма (11:00–12:00) |
Біздің мекенжайымыз Айнакөл көшесі , 66/1
(cілтемеге өту үшін картаға басыңыз)
Алдын ала жазылу келесі нөмер арқылы жүргізіледі: 8 (7172) 54 01 25




