
Қызметті онлайн алу
- Порталға Авторизоваться жасап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.
- Өтінімді толтырып, ЭЦҚ (электрондық сандық қолтаңба) арқылы қол қойыңыз. Аймақты таңдаңыз, ЖСН немесе баланың тегін, атын және туған күнін, сондай-ақ байланыс ақпаратын енгізіңіз.
- Өңделген хабарламаны жеке кабинетіңізде қараңыз («Қызмет тарихы» бөлімінде). Кезек мәртебесін одан әрі бақылау үшін «Балабақша кезегінің нөмірін қарау» қызметін пайдалана аласыз.
- Жеке кабинетіңіздегі мектепке дейінгі білім беру мекемесіне жолдаманы мақұлдау туралы хабарламаны қараңыз («Қызмет тарихы» бөлімінде). Қажет болған жағдайда байланыс ақпаратыңызды жаңартыңыз.
- Егер сіз жолдаманы мақұлдасаңыз, жеке кабинетіңіздегі мектепке дейінгі білім беру мекемесіне жолдаманы қараңыз («Қызмет тарихы» бөлімінде).
ЕСКЕРТПЕ: Қоса берілген құжаттардың рұқсат етілген ең үлкен өлшемі 5 МБ-тан аспауы керек.